Ашу
Басты бет Жаңалықтар ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ КӨМЕГІМЕН ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАЛДЫ

ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ КӨМЕГІМЕН ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАЛДЫ

18.12.2024
23

Қызылорда облысының әкімдігі мен Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Облыстық перинаталдық орталыққа құны 19,5 млн. теңге болатын анестезиялық-тыныс алу аппараты және жалпы құны 55, 6 млн. теңге тұратын үш операциялық шам сатып алынды. Сонымен қатар:
✅ 7 дана әмбебап монитор – нәрестелер мен ересектердің өмірлік маңызды көрсеткіштерін бақылауға арналған. Құны: 24,4 млн. теңге.
✅ 2 дана неонатальды жылытқыш жүйе – жаңа туған нәрестелердің тұрақты температуралық жағдайын қамтамасыз етеді. Құны: 26,9 млн. теңге.
✅ 2 дана неонаталды инкубатор – шала туған сәбилерге күтім жасауға арналған арнайы орта. Құны: 27,3 млн. теңге.
✅ 2 дана ота жасау үстелі – хирургиялық араласу үшін заманауи әрі сенімді жабдық. Құны: 32,9 млн. теңге.
✅ 2 дана ашық реанимациялық неонаталды жүйе – шұғыл жағдайларда сәбилерге реанимациялық көмек көрсетуге арналған. Құны: 35,9 млн. теңге.
✅ 28 дана әмбебап функционалды төсек-үстел – жаңа туған нәрестелерді күтуге арналған көпфункционалды жүйе. Құны: 16,6 млн. теңге.
Бұл заманауи медициналық жабдықтар орталықта көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, күрделі операцияларды жоғары деңгейде жүргізуге, ана мен бала өмірін сақтауға мүмкіндік береді.
Анестезиялық-тыныс алу аппараты операциялық және шұғыл көмек көрсету кезінде қауіпсіз және тиімді анестезия жасауға арналған. Аппараттың жоғары дәлдігі пациенттердің денсаулығын барынша қорғауға жағдай жасайды.
Операциялық шамдар күрделі хирургиялық араласулар кезінде жарық деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етеді, бұл дәрігерлердің жұмыс сапасын жақсартып, ота жасау барысындағы қауіптерді азайтады.
Бұл медициналық техникалар өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамытуға және ана мен бала өмірін қорғау деңгейін жаңа сатыға көтеруге зор үлес қосады.
Қызылорда облысының әкімдігі мен Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауына зор алғысымызды білдіреміз!

24.12.24

ҮЗДІК АКУШЕР БІЗДІҢ ОРТАЛЫҚТА

Денсаулық сақтау министрлігі медицина және фармацевтика қызметкерлерінің арасындағы «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының қорытындысы бойынша «Үздік акушер» номинациясында Енсепбаева Айгерім Қуантқанқызы…
21.11.24

РЕСЕЙЛІК МАМАНДАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен 14-16 қараша аралығында, Облыстық перинатальдық орталығында Екатеринбург қаласынан келген ресейлік мамандардың қатысуымен халықаралық мастер-класс өтті.«Неонатолог…
31.10.24

Облыстық перинаталдық орталығы ұлттық аккредитациядан сәтті өтті

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК ұжымы, ұлттық аккредитациядан сәтті өтіп, «Бірінші санат» дәрежесіне ие болғанымызды…
30.10.24

БАЙҚАУ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Облыстық перинаталдық орталығы жанынан құрылған байқау кеңесінің кезекті отырысы онлайн және оффлайн форматында өтті. Байқау кеңесіне облыстық денсаулық сақтау басқармасының…
30.10.24

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕДЕ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

«25 Қазан – Республика күні» Ұлттық мерекесіне Достық үйiнде арналған медицина қызметкерлері арасында салтанатты шара ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен…
24.10.24

25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Бүгін Республика күніне орай Облыстық перинаталдық орталығында салтанатты жиын өтті. Іс-шарада ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды. Облыстық…
27.08.24

Дәрігерлер науқастан үлкен жатыр миомасын алып тастады

Қызылорда облысының 48 жастағы тұрғынында 18 см-ден үлкен миоматозды түйін емханада скрининг өту барысында ультрадыбыстық зерттеуі кезінде табылды. Әйелді бірнеше…
21.08.24

Мемлекеттік қызметтер

Облыстық перинаталдық орталығында «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру», «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік осы қызметтің екі түрі…
15.08.24

Күрделі ота жасалған нәресте анасымен үйіне шығарылды

Біздің кішкентай кейіпкерімізбен танысыңыздар! Әмина есімді нәресте 21 шілдеде дүниеге келген. Күрделі диагноз, диафрагматикалық грыжаға қарамастан неонатальды хирург Маханбетияров Болат…
26.07.24

«БІР КҮНДІК КЛИНИКА» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Ұрықты пренаталдық диагностикалық сапасын жақсарту, балалар арасында аурушаңдық пен мүгедектікті уақытылы диагностикалау және алдын алу, ұрықтың туа біткен даму кемістігінен…
14.06.24

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

Маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлері күні. Осыған орай облыстық перинаталдық орталығының мәжіліс залында мамандығына адал, тынбай қызмет етіп…
03.06.24

Неонатальды хирургия бөлімі ашылды

Облыстық перинаталдық орталығында ағымдағы жылдың 3 шілдесінен бастап 6 төсектік «Неонатальды хирургия» жаңа бөлімшесі жұмыс істейді. Бөлімше көпбейінді облыстық балалар…
30.04.24

ӨМІР ҮШІН КҮРЕСКЕН 570 ГРАММДЫҚ НӘРЕСТЕ АМАН-ЕСЕН ҮЙІНЕ ШЫҒАРЫЛДЫ!

2024 жылғы 28 қаңтар күні пациент Н. жүктіліктің ​ 27 аптасы мерзімінде оперативті жолмен салмағы – 570 гр, бойы –…
30.04.24

Анестезиолог-реаниматолог дәрігер Түркия мемлекетінде тағылымдамадан өтті

Денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған шаралардың бірі – ​ біліктілігін арттыру үшін мамандарды әлемдегі озық клиникаларға жолдау. Облыс әкiмiнiң қолдауымен,…
12.04.24

ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ МӘСКЕУ ҚАЛАСЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

1-5 сәуір аралығында Облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері О.В. Ким, акушер-гинеколог дәрігер А. Т. Тұрахметова, неонатолог А.С. Тохпанова, анестезиолог-реаниматолог М.М….
21.03.24

ОБЛЫС ӘКІМІ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ ҰЖЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Наурыз мерекесі қарсаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы Облыстық перинаталдық орталығына келіп, орталық ұжымына Облыс әкімінің құттықтау хатын…
20.03.24

Өз таңдауыңды жаса

ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасында ағзалық донорлықты дамытуды насихаттауды…
16.01.24

2023 ЖЫЛДЫҢ ЕСЕП БЕРУ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында 2023 жылдың қорытындысына арналған жиналыс өтті. Жиынға Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер