Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен 14-16 қараша аралығында, Облыстық перинатальдық орталығында Екатеринбург қаласынан келген ресейлік мамандардың қатысуымен халықаралық мастер-класс өтті.
«Неонатолог дәрігерлерге арналған неонатологиядағы қарқынды терапия жағдайларында симуляциялық жабдықта мануальды дағдыларды игеру (hands-on)», «Симуляциялық жабдықта мануальды дағдыларды игере отырып, мейіргерлерге арналған жаңа туған нәрестені рқтб-де күтудің негіздері (hands-on]» тақырыптарындағы өткен халықаралық шеберлік сағаттарын келесі жоғары білікті ресейлік мамандар жүргізді:
- Ксенофонтова Ольга Леонидовна – медицина ғылымдарының кандидаты, “Екатеринбург клиникалық перинаталдық орталығы” бас дәрігері, жоғары санатты неонатолог – дәрігер. Свердлов облысы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс маманы неонатолог
- Шестак Евгений Вячеславович-медицина ғылымдарының кандидаты, жаңа туған нәрестелерді Реанимациялау және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі, Екатеринбург клиникалық перинаталдық орталығының жоғары біліктілік санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігері; ОҒЗИ Жастар ғылыми зертханасының жетекшісі, ФГБОУ госпитальдық педиатрия кафедрасының ассистенті.
- Чулкова Наталья Николаевна – Екатеринбург клиникалық перинаталдық орталығындағы жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінің аға медбикесі, жоғары санатты медбикесі жүргізді.
Мастер-класқа өңірдегі емдеу мекемелерінің неонатолог дәрігерлері мен мейіргерлері қатысты. Үш күндік оқыту барысында қатысушылар жаңа туған нәрестелерді реанимациялау, қарқынды терапия және күтім жасаудың практикалық дағдыларын симуляциялық жабдықтарда меңгерді.
Мұндай шеберлік сағаттары мамандардың кәсіби деңгейін арттырып, жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді.





